Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс. Мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стильде, бірыңғай түстер гаммасында орындалады, үш түстен артық түсті араластыруға жол берілмейді. Түс тыныш, көзге түспейтін реңктерден таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі. Ол күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдарға арналған мектеп формасына: пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде кіреді (қысқы кезеңде: трикотаж жилеті, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар кең пішімді болуы және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жауып тұруы тиіс.
Қыздарға арналған мектеп формасына: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық блузка кіреді (қысқы кезеңде: трикотаж жилеті, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар кең пішімді болуы және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жауып тұруы тиіс.
Ұлдарға арналған салтанатты форма күнделікті формадан және оған қосымша ақ жейдеден тұрады, қыздарға арналған салтанатты формаға ақ блузка қосылады.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) кіреді.
Мектеп формасына классикалық үлгідегі, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін немесе оған қарама-қарсы түстегі галстук кіреді.





