2026 жылғы 25 мамыр мен 30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында мектебімізде сурет байқауы өтті.
Оқушылар өз шығармашылық жұмыстарында салауатты өмір салтын, спортты, достықты және есірткісіз жарқын болашақты бейнеледі. Әрбір сурет — «Есірткіге жол жоқ!» деген нық ұстанымның көрінісі.
Байқау оқушылардың есірткінің зияны туралы білімдерін арттырып, өмірді таңдауға және дұрыс шешім қабылдауға ықпал етті.





