КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
Ресми интернет-ресурс

«Біз әрқилымыз — сондықтан бірегейміз»

«Біз әрқилымыз — сондықтан бірегейміз»

"Ақан мектеп-бөбекжай бақша кешені" КММ-де "Біз әрқилымыз-сондықтан бірегейміз!» тренингтік сабағы өткізілді.
Мақсаты: әр адамның бірегейлігін түсіну арқылы білім алушылардың өзіне және айналасындағыларға құрметпен қарауын қалыптастыру.
Балалар қызықты жаттығуларға қатысты, бір-бірінің мықты жақтарын көруге, жылы сөздер айтуға және адамдарды сол қалпында қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге үйренді.
Сабақ барысында қатысушылар маңызды қорытындыға келді: Әр адам бірегей және біздің айырмашылықтарымыз әлемді жарқын, қызықты және мейірімді етеді.

 

#Жағымды_Қарым-қатындастар_Апталығы #Сенімділік_және_сауаттылық_аумағы
#СҚО_Әкімдігінің_Білім_Басқармасы
#Психологиялық_Қолдау_Орталығы

Записаться на прием