КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
Ресми интернет-ресурс

Мектеп жанындағы лагерь

Previous Next

«Солнышко» мектеп жанындағы лагерінде күн балаларға сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған таңғы жаттығудан басталды. Одан кейін тәрбиеленушілер «Кім? Қайда? Қашан?» атты танымдық викторинаға қатысты.

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық-ағартушылық акциясы аясында әлеуметтік педагог Тюлегенова Г.П. «Буллинг пен интернеттегі қауіп-қатерге жол жоқ» атты профилактикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – балалардың интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және кибербуллингтің алдын алу.

«Жақсы және жағымсыз сөздер» жаттығуы барысында балалар дөрекі сөздердің қаншалықты ауыр тиетінін және бір-біріне қолдау көрсетіп, құрметпен қараудың маңыздылығын түсінді.

Сабақ шығармашылық жұмыспен аяқталды. Балалар «Біз құрмет пен қауіпсіздікті таңдаймыз. Біз кибербуллингке қарсымыз!» ұранымен жарқын суреттер салды.

Записаться на прием