«Ақан мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-де 8–9 сынып оқушыларымен «Мен сені сүйемін, өмір!» атты тренинг өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдердің ішкі ресурстарын дамыту, қиындықтарға төтеп беру қабілетін арттыру, өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастыру және белсенді іс-әрекетке деген уәжін (мотивациясын) арттыру.
Тренинг басында оқушыларға талқылау үшін келесі сұрақтар ұсынылды:
Сіз білетін тұлғалардың ішінен кімнің өмірге төзімділігі жоғары болды?
Не нәрсе бұл адамдарға барлық қиындықтарға қарамастан қайсарлық танытуға көмектесті?
Содан кейін «Мүсінші және балшық», «Тоқта, шиеленіс!» жаттығулары орындалды. Сондай-ақ, оқушылар болашақтағы өздеріне хат жазды.
Шара соңында өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және эмоционалдық кернеуді түсіруге бағытталған «Қалтқы» жаттығуы жүргізілді.
#Мен_сені_сүйемін_өмір
#СҚО_Білім_басқармасы
#Психологиялық_қолдау_орталығы





