2026 жылғы 13 мамыр күні «Ақан мектеп – бөбекжай- бақша кешені» КММ барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлері үшін «Өрт кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.
Оқу эвакуациясы – мектептегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды, жауапты әрі күрделі іс-шаралардың бірі. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өрт немесе төтенше жағдай кезінде мектеп қызметкерлері мен білім алушыларды қауіпсіз әрі жедел эвакуациялауға дайындық деңгейін жан-жақты тексеру.
Оқу эвакуациясы – кез келген төтенше жағдайдың салдарынан қорғанудың әмбебап тәсілі. Үнемі өткізіліп тұратын жаттығулар нақты өрт болған жағдайда ұйымдасқан түрде әрекет етуге машықтандырады. Мектепте оқу дабылдарын өткізу өте маңызды, себебі осындай шаралар арқылы ғана мектеп ұжымы мен оқушылардың жедел әрі қауіпсіз эвакуацияға дайындығын тексеруге болады.
Іс-шара талапқа сай, ұйымдасқан түрде өтті. Осындай оқу-жаттығу эвакуациялары балаларға төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектепте тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Жаңалықтар
«Өрт кезіндегі іс-қимылдар»
Қаралды: 4





