2025 жылғы 08 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тарих апталығын өткізу жоспарына сәйкес мектепте 5-10 сынып оқушылары арасында "Тарихи сергіту сәті" зияткерлік-танымдық ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-тарихқа танымдық қызығушылықты дамыту, ақпаратты жылдам талдау дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту және пәндік аптаға белсенді қатысуды ынталандыру.
"Тарихи сергіту сәті" барлық сыныптар қатысты. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды.
Ойын барысында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы байқалды. Балалар білімдерін, командада жұмыс істей білуін, жауаптарын тез тауып, өз пікірлерін дәлелдей білуін көрсетті.
Жаңалықтар
"Тарихи сергіту сәті"
Қаралды: 1





