2025 жылдың 9 сәуірінде «Ақан мектеп – бөбекжай – бақша кешені» КММ-де АӘД педагог-ұйымдастырушысы Жалмағамбетов Х.Т. Оқушылармен «Терроризм және экстремизм» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық санасын дамыту, сондай-ақ терроризм мен экстремизм көріністеріне байланысты ықтимал қауіптер туралы білім деңгейін арттыру.
Жиын барысында аталған ұғымдардың мәнін, қоғам мен жеке тұлғаға тигізуі мүмкін зардаптарын, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен мінез-құлқын түсіндіретін бейнеролик көрсетілді.