КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
Ресми интернет-ресурс

«Тіл — достықтың кепілі»

Previous Next

2026 жылғы 14 қыркүйекте «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру және Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған онкүндік аясында КММ «Ақан кешенді мектеп-бөбекжай-бақшасында» бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар Қазақстан халықтарының ұлттық ойындарына белсене қатысып, ұлттық дәстүрлермен, халық ойындарының ерекшеліктері мен ережелерімен танысты. Ойындар барысында оқушылардың ептілігі, шапшаңдығы, төзімділігі мен командалық рухы дамыды.
7–9 сынып оқушылары арасында «Тіл — достықтың кепілі» тақырыбында диктант жазу ұйымдастырылды. Диктанттың мақсаты — оқушылардың сауаттылығын арттыру, ана тіліне деген қызығушылығын дамыту және еліміздің тілдік әралуандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар мектепте ағылшын тілі пәнінен «WORD WARS» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар екі командаға бөлініп, ағылшын тілінің лексикасы, грамматикасы және тілдік қолданыстарына қатысты түрлі тапсырмаларды орындады.
Қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын, белсенділіктерін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Іс-шараның ойын түрінде ұйымдастырылуы оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға ықпал етті.
Осылайша, өткізілген іс-шаралар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге, тілдік құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы аясында тілдерге және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

Записаться на прием