Құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдерді психоактивті заттарды қолдануға тартудың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 2 ақпанда «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ 5–10 сынып оқушылары үшін «Закладчики. Мать» атты профилактикалық фильм көрсетілді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер есірткі заттарын қолданудың жағымсыз салдарымен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың есірткінің заңсыз айналымына тартылу тәуекелдері мен оның құқықтық салдарымен танысты.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу, есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жаңалықтар
"Закладкалар. Ана"
Қаралды: 3





